Аркалыкский педагогический институт им. И. Алтынсарина

  • Главная
  • Общая информация
  • СМИ об институте.
  • СМИ об институте 2011-2013
  • Зәуре ҒАЛЫМЖАНОВА, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институты мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. СУРЕТТЕ: институттың «Балажан» тобының мүшелері, "Оқу орнының мақтаныштарына айналды", Қостанай таңы. -2

Зәуре ҒАЛЫМЖАНОВА, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институты мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. СУРЕТТЕ: институттың «Балажан» тобының мүшелері, "Оқу орнының мақтаныштарына айналды", Қостанай таңы. -2

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалып жатқан талпыныстар студенттердің дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етіп отыр.

Бүгінгі студенттің ертеңгі маман екенін ескерсек, қоғам алдындағы оған жүктелер міндеттің де жеңіл болмасы айқын. Әсіресе, педагог мамандардың теория-лық білімі мен кәсіби білігі ұштасып, тәжірибелік шеберлігі шыңдалған жағдайда ғана жағдайдың жақсара түсетіні белгілі. ЖОО-ның қабырғасында жүріп-ақ осы талаптардан сүрінбей өтуге бел байлаған біздің шәкірттеріміздің қадамы сәтті болды десек, артық айтпаған болармыз. Оның айғағы наурыздың соңғы күндері Алматы қаласындағы Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінде "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы бойынша "Білімді ұрпаққа - талантты педагог" атты II Республикалық пәндік олимпиадасында өзіндік шеберліктерін та-нытқан Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетіне қарасты "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығының студенттерінен құрылған "Балажан" тобы жүлделі 3 орынды иеленді.

Олимпиада Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Осыған орай әртүрлі кезеңдерді қамтыған. Мысалы, тұсаукесер кезеңінде топты таныстыру көзделген. Бұл жерде қазылар алқасы ерекше атап өткен топтың әнұраны еді. Әнұранның сөзін факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қалиев жазған болатын. Келесі кезең - тәрбиешінің сан қырлы өнерін танытатын - "Әнші, биші, режиссер" деп аталды, ал "Мектепке дейінгі ұйымдағы инновациялық технологиялар" кезеңіңде студенттер шығармашылық жобалар қорғаудан бақ сынасты. Бұл жерде біздің студенттеріміз мектепке дейінгі ұйымдардағы денсаулық сақтау технологиясының тиімділігін жан-жақты ашып көрсетті. Алматыдағы №64 бала-бақшада өткізілген шеберлік сағатында да үлкен ізденістерін аңғартқан олар жоғары ұпайларды еншіледі. Топ құрамында болған осы мамандықтың 2,3 курс студенттері Салтанат Қожахмет, Нұргүл Муталипова, Әйгерім Журкеева, Гүлфира Досмағанбе-товалардың республикалық деңгейдегі іс шарадан алған әсерлері зор. Қанжығалары майланып қайтқан топ мүшелерімен институт студенттерінің арасында "Талаптыға нұр жауар..." атты кездесу сағаты ұйымдастырылды. Кездесуде сөз алған осы топтың жетекшісі, ҚызМПУ-дің түлегі, кафедраның аға оқытушысы Роза Жандилдина: "Тартысты өткен бәсекеде шәкірттеріміздің өзгелермен тең дәрежеде өнер көрсетуі - біздің ЖОО-ны үшін зор қуаныш. Бір жағынан алып қарағанда осылай болуы да тиіс еді. Себебі, қазіргі таңда институтта жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие үрдісіндегі көңіл қуантарлық жайлар аз емес. Әсіресе, материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи тұрғыда кітапхана кешенін жасап, ғылыми, оқу-әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетіп отырған басшылық тарапына айтар алғысымыз шексіз. Студенттеріміз үшін жасалған жұмыстардың жемісін беруі де бірлесе атқарған еңбегіміздің еш кетпегенін дәлелдесе керек", - деп ағынан ақтарылды.

Жалпы алғанда, оқу орнындағы атқарылып жатқан жұмыстардың игілігі ертеңгі мамандар үшін, ұрпақ болашағы үшін болмақ. Кафедра жанынан құрылған "Балдырған" шағын зертханалық орталығының қызметі студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына үлкен ықпал жасайтын жаңашыл бастама. Тек сол жаңашыл істердің жаршысы болатын студенттеріміздің ынта-ықыласы артып, ұстаздар сенімін ақтай білсе болғаны.

Talk to us

87143072488