Аркалыкский государственный педагогический институт им. Ы. Алтынсарина

  • Главная
  • Общая информация
  • СМИ об институте
  • СМИ об институте 2011-2013
  • Базаркүл Сартыбекова, АрқМПИ-дің студенті, "Арқалық – ғарыш айлағы", Арқалық хабары. -2011. – 22 сәуір. –б.6

Базаркүл Сартыбекова, АрқМПИ-дің студенті, "Арқалық – ғарыш айлағы", Арқалық хабары. -2011. – 22 сәуір. –б.6

        АрқМПИ-ның жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің физика-математика кафедрасындағы физика – 31 тобының ұйымдастыруымен әрі куратор Сания Жұмабаеваның басшылығымен ғарыштың игерілуіне 50 жыл толуына орай «Арқалық – ғарыш айлағы» атты апталық өткізілді. Апта барысында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, «Ғарыштық сәулелер: пайдасы мен зияны» атты дебат ұйымдастырылды. Бұл ауқымды тақырыптың біріне айналды. Студенттер біраз мағлұмат алды.

         Топтардың қызығушылығын арттыру мақсатында апта барысында «Аспан әлеміне саяхат» атты фильм көрсетілді. Сонымен қатар, жастардың ізденушілік қабілеттерін дамыту бағытында конференция болып өтті. Студенттердің бәрі де іс-шараға белсене атсалысты.

         Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – қазақ, ағылшын және орыс тілдерін білу. Осы орайда «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы назарға ұсынылды. Ғарышкерлер туралы мағлұмат берумен шектелмей, студенттердің жан-жақты ізденісте болуын және өз пікірлерін айқын жеткізе алатындығын байқау басты мақсат тұрғысында алға қойылды.

         «Сөз мерген» атты іс-шараның бағдарламасы мазмұнымен ерекшеленді. Қатысушалар білім деңгейінің жоғарылығын аңғартты.

         Апталыққа қатысушылар Ғарышкерлер күнін 12 сәуір күні ғана емес, басқа уақытта да жүйелі түрде атап өтуді ұсынды.

Talk to us

87143072488