Аркалыкский государственный педагогический институт им. Ы. Алтынсарина

  • Главная
  • Общая информация
  • СМИ об институте
  • СМИ об институте 2011-2013
  • Сымбат Демесінова, АрқМПИ-ның студенті "СТУДЕНТТЕР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАУДА" //Арқалық Хабары. -2011. -11 наурыз. –б.1

Сымбат Демесінова, АрқМПИ-ның студенті "СТУДЕНТТЕР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАУДА" //Арқалық Хабары. -2011. -11 наурыз. –б.1

Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында "Сапалы білім беру еліміздің индустрияландырудың және инновациялық дамуының негізіне арналуы тиіс" деген талап қойды. Сонымен бірге, маңызды құжатта білім сапасы, мектептерді компьютерлендіруді толықтай аяқтау, кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толықтай жаңарту, ана тіліміздің қадірін арттыру, 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызын электронды оқыту тәсіліне    көшіру мәселелеріне    тоқталған. Әсіресе, білім сапасына жете көңіл бөлу көзделген.

Жақында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында студенттер Елбасы Жолдауын талқылап, ой өрбітті. Бүгінде елімізде 150-ге жуық оқу орны болса, көбінің сапасы жағынан сын көтере бермейтіні шындық. Осыған орай, білім беру сапасын дамыту үшін институт ректоры, профессор Жасұлан Шаймардановтың басшылығымен қомақты жұмыстар жүргізілуде. Институтымыз күннен-күнге жаңа технология түрлерімен толықтырылып, жабдықталу үстінде. Қолдануға берілген интерактивті тақталар, электронды оқу залы, интернет желісі, медиа зал, толық жабдықталған жатақхана, кітапхана, асхана т.т студенттердің игілігіне жарауда.

Бүгінде біз  институтта болып жатқан тың өзгерістердің куәсіміз. Сондай-ақ, түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар тек облыс көлемінде ғана емес, рес-публикалық және халықаралық дәрежеде өткізілуде. Мұндай игі іс-шаралардың бізде өтуі - институтымыздың мүмкіндігі мол екендігін көрсетеді.

Келешек мамандық иелеріне жүктелетін ендігі міндет - сапа­лы білім алып, Елбасы Жолдау­ында көрсетілген басты мақсаттардың маңызын терең түсініп, қызу қолдап, мүлтіксіз орындалуына белсене атсалысу.

Talk to us

87143072488