Аркалыкский государственный педагогический институт им. Ы. Алтынсарина

  • Главная
  • Общая информация
  • СМИ об институте
  • СМИ об институте 2011-2013
  • Б. ҚАЛИЕВА, АрқМПИ ПП-31 тобының студенті "КӘСІПТІК БІЛІММЕН-БОЛАШАҚҚА" // Торғай. -2011. -28 қантар. –б.4

Б. ҚАЛИЕВА, АрқМПИ ПП-31 тобының студенті "КӘСІПТІК БІЛІММЕН-БОЛАШАҚҚА" // Торғай. -2011. -28 қантар. –б.4

 Ы.Алтынсариннің 170 жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шаралар біздің білімімізді шыңдай түсуде. Солардың бірі - педагогика және психология пәндерінен өткен олимпиада. Олимпиада барысында біз әрбір сайыста өз кәсіби білімімізді же-тілдіре отырып, бәсекеге қабілетті маман болуға тырыстық. Өйткені, әр сайыстың ерекшелігі біздің педагогика және психология бөлімінің болашақ мамандарын жаңа қырынан аша түсті. Олимпиадада біз эссе жазып, теориялық білімді "Эрудит" сайысында көрсетіп, "Белсендіру" сайысында педагогикалық-психологиялық жағдаяттарды шештік. Осы үш сайыстан кейін біздің көптен күткен "Не? Қайда? Қашан?" атты қызықты психологиялық сайыс өтті. "Түсіну-көмектесу" сайысында кеңес беру арқылы мамандығымыздың үлкен жауапкершілігін сезіндік. Сондықтан да, біздің педагогика және психология кафедра оқытушылары, әсіресе, олимпиадаға жауапты Т. О. Бондарева және М. 3. Сейдинаға алғыс айтамыз.
 
 

Talk to us

87143072488