Аркалыкский государственный педагогический институт им. Ы. Алтынсарина

  • Главная
  • Общая информация
  • СМИ об институте
  • СМИ об институте 2011-2013
  • М. ШАРҒЫНОВА, педагогика және психология мамандығының 3-курс студенті // Ыбырай мұрасы-ұрпақ жадында// Торғай. -2011. -21 қаңтар. -б.4

М. ШАРҒЫНОВА, педагогика және психология мамандығының 3-курс студенті // Ыбырай мұрасы-ұрпақ жадында// Торғай. -2011. -21 қаңтар. -б.4

 

Осы мерекеге орай Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен жылдық іс-шаралар жоспары құрылған. Соның бірі - 1864 жылдың 8 қаңтарында Ы. Алтынсариннің Торғайдағы тұңғыш мектебінің ашылу күніне байланысты оқушылар олимпиадасын өткізу. Олимпиаданы өткізудегі мақсатымыз - ұлы ағартушының тарихи орынын, ғылыми-ағарту істері мен ойларының бүгінгі күнмен байланысты құнды сабақтастығын көрсету.

Аталмыш мақсатқа орай, олимпиадаға қатысушы оқушылар Ыбырай еңбектерін негізге ала отырып, "Тұғыры биік тұлға" (Ыбырайдың өмір жолы мен шығармашылық тарихи еңбектерінен тест сұрақтары); "Ыбырай жаққан шамшырақ..." (Ыбырай жұмбақтары және әңгімелері мен мысалдарынан жағдаяттарды шешу); "Ыбырай мұрасы - таусылмас қазына" (орыс тілінде эссе жазу); "Кел, балалар, оқылық! (Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп оқу); "Шариат-ул-ислам" еңбектерінен өзара сынға түсті.Сайыс нәтижесінің қорытындысында әр номинация бойынша командалық орындар анықталып, белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.

Педагогика және филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент А. Қалиев өз құттықтау сөзінде: "Оқушылар олимпиадасының бұл күнін өткізуіміздің өзі - Ыбырай ашқан алғаш мектеп мерзімімен тұспа-тұс келуінде...", - дей келе, педагогика және психология кафедрасының ұжымы мен оны басқарып отырған кафедра меңгерушісі П. Ахметоваға ризашылығын білдірді. "Ы6ырайтанушылар" атты оқушылар олимпиадасының жеңімпаздары болып Жангелдин ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы Торғай және Амангелді ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы Амангелді, Арқалық қаласындағы А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектептері аталды.

"Ыбырайтанушылар" атты оқушылар олимпиадасы білімге құштарлықты оятып, болашаққа деген сенімді айқындай түсті. Осылайша әрдайым Ыбырай мұрасы - ұрпақ жадында қалмақ.

Talk to us

87143072488