Аркалыкский государственный педагогический институт им. Ы. Алтынсарина

Мұрат Жүнісұлы "Төлегенов оқулары - 2013" // Қостанай таңы.-2013.-23 сәуір.-б.3

       АрқМПИ мәжіліс залында «Қазақстанның білім жүйесін дамытудағы жаңашыл бағыттар» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2013» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

       Онда Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, педагогика ғылымының докторы Бораш Кенжебеков, Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Әбілхан Үмбетов, физика-математика ғылымдарының докторы, академик, АрқМПИ профессоры Құбыла Омарқұлов, АрқМПИ аға оқытушысы Мөлдір Сейдина, «Тұран» университетінің магистранты Ерқанат Кәрімовтердің «Жаратылыстану ғылымындағы жаңа технологиялар», «Өнер мен тәрбие берудегі жаңа көзқарастар», «Білім жүйесіндегі озат әдістемелерді жетілдіру», «Заманауи білім саласындағы ақпараттық технологиялар рөлі» тәрізді өзекті мәселелерді қамтыған баяндамалары тыңдалды.

       Конференция соңы «Жаратылыстану ғылымдары», «Тарих және экономика ғылымдары», «Педагогика және психология ғылымдары», «Филология ғылымдары» секцияларының жұмыстарымен сабақтасы.

Talk to us

87143072488