Аркалыкский государственный педагогический институт им. Ы. Алтынсарина

  • Главная
  • Общая информация
  • СМИ об институте
  • СМИ об институте 2011-2013
  • Сейітбек Куанышбаев, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы "Білікті білім ордасы" // Ел. -2012. -13 қыркүйек. –б.4

Сейітбек Куанышбаев, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы "Білікті білім ордасы" // Ел. -2012. -13 қыркүйек. –б.4

Арқалық мемелекеттік педагогикалық институтының Торғай өңірінде ашылуы кездейсоқ емес. «Өнер-білім бар жұрттар...» және «Кел, балалар, оқылық ...»,- деп сонау, он тоғызыншы ғасырда боданды қазақ жерінде қараңғылық пен сауатсыздықтың түндігін серпе ашқан қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның атымен аталуында ерекше мән бар әрі республикамызда бүгінгі талапқа сай педагог кадрлар дайындаудағы атқарар міндеті мен жауапкершілігі зор.

Осыдан 40 жыл бұрын, Сарыарқа жерінің кіндігінде, ұшқан құстың қанатыталатын кең жазира жазықта, кешегі ұлт ұстаздары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтардың отанында Торғай облысы ашылып, жергілікті педагог кадрлар дайындау қажеттілігі туындады. Сол кездегі облыс басшысы Сақан Құсайынов пен қазақтың бір туар азаматы Өзбекәлі Жәнібектердің бастамасымен 1972 жылдың сәуір айында Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты  құрылды. Институттың алғашқы ректоры болып, іскер азамат, марқұм Мырзағали Отарұлы Төлегенов тағайындалды. Облыстың негізінде құрылған жоғарғы оқу орнының материалдық базасы мен орналасқан ғимараты жоғарғы оқу орнына қойылатын талаптарға сәйкес емес еді. Бірақ, институтқа  республикамыздың әр түкпірінен шақырылған профессорлық – оқытушылар құрамы, өздерінің сол уақыттағы туындаған тұрмыстық қиыншылықтарына қарамастан, жанкештілікпен еңбек етіп, институттың білікті білім ордасына айналуына зор ықпал жасады. Сол тұста институттың бар болғаны бір ғана факультеті мен үш бөлімдеріне (филология,физика-математика және сырттай оқу бөлімдері) екі жүздей ғана студент қабылданса, кейіннен тағы да бірнешще факультеттер ашылып, олардың саны 2000-ға дейін өсіп, профессорлық-оқытушылар құрамы 17-ден 200-ге жеткен. Жүргізілген оң істердің арқасында, институт жаңа құрылған облыстың мектептерін білімді жас мұғалімдермен қамтамасыз етті және өз сабақтастығын жалғастыруда.

  Институтты әр жылдары басқарған, өз істерінің майталман шеберлері, білікті басшылар, көрнекі ғалымдар- Мырзағали Төлегеновтың, Рахметолла Башаровтың, Еңбек Ибраевтың, Әспет Қағазбаеваның және Жасұлан Шаймардановтың атқарған жұмыстары ұланғайыр.

  40 жылда институт он бес мыңға жуық  түлекі өз қабырғасынан ұшырды. Қазіргі уақытта бірнеше мың түлек білім кеңістігінде институттан алған білімдерін өмірлік тәжірбиемен ұштастырып, мұғалім деген қасиетті мамандықты толықтай игеріп, ТМД және туған еліміздің болашағының іргетасын қалауда еңбек ерліктерін көрсетуде. Біздің түлектердің арасында айтулы ғалымдар, еңбек майталмандары, атақты  спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер және ұлағатты ұстаздар бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында және «Назарбаев Университетінде» оқыған интерактивті дәрісінде білім саласына орай, талай мәселенің шетін шығарып, бірқатар тапсырмалар берді. Осы межелі міндетті орындау барысында Арқалық  педагогикалық институты, еліміздегі болып жатқан қоғамдық үрдістерге белсене араласып, озық тәжірибиелер мен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, болашақ ұстаздарға заман талабына сай білім беруді мақсат тұтады.

  Біз жаңа міндет жолында оқу үрдісін жаңа әдістер мен технологиялық тұрғыда жүргізу мақсатында түбегейлі өзгерістер енгіздік. Институттың материалдық базасын кеңейте отырып, ақпаратты-мультимедиалық, ақпартты-кітапханалық, тілдерді дамыту, оқу-лабораториялық кешендері құрылды. Бұл өзгерістер бүгінгі заманның талабына сай толық ақпараттандырылған, жан-жақты, дүние танымы кең, тәрбиелі әрі саналы мамандар дайындауға толық мүмкіндік береді. Ал, 18 мультимедиалық аудиториялары мен лекциялық оқу кешенінен құралатын ақпараттық технологиялық орталықтың жұмыс істеуі біздің институттың бүгінгі тыныс тіршілігі болашақпен қол ұстасып тұрғанын дәлелдейді. Әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Тараздық Хартиямен, Ұлы Хартия Университетімен, Фридрих Эберт атындағы қормен ғылыми және мәдени, білім саласында келісімшартқа,Бристолдық (Ұлыбритания), Гете институты  (Германия), Ресей және ТМД елдерінің оқу орындарымен келісімге отырды. Оқу орнымызда Ыбырайтану, мектепке дейінгі балалар дайындайтын «Балдырған» орталықтары және мұражай кешені толыққанды жұмыс істеуде.

   2011 жылы Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтың Арқалық қаласына келген сапарында біздің институтқа келіп, жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен кездескенде азды көпті тапсырмалар жүктеген-ді. Бүгінде институт басшылығының алдында қазіргі заманның оқулықтарын мультимедиалық құралдармен тығыз байланыстыра алатын жоғары рухты мамандарды дайындауды мақсат еттік. Бірнеше интерактивтік тақталар мен үш кескінде жұмыс істейтін соңғы буындағы компьютерлер алынды. Осы техникалардың көмегімен оқытушылар мен студенттер ғаламторға сымсыз Wi-Fi интернеті арқылы шығып, білдерін жан-жақты толықтыруда. Кешенде 209 мыңнан астам кітап қоры мен энциклопедиялар , анықтамалықтар жинақталған, жылына 10-15 мыңдай жаңа кітаптармен толықтырылады.

  Барлық істің тетігі білімді кадрлардың қолында екенін біз жақсы білеміз. Торғай облысы екі рет жабылғаннан кейін, Арқалық  педагогикалық институты да кадр тапшылығына ұшыраған-ды. Көптеген ғылыми дәрежелері бар оқытушылар, туындаған мәнейі себептерге байланысты, еліміздің басқа оқу орындарына ауысып кетті. Әрине, не бір озық технологияның өзі адамды алмастыра алмайды. Сондықтан, ректораттың ең басты жұмысы, кадр мәселесін дұрыс жолға қою және оқу орнында жұмыс істеп жатқан оқытушылардың біліктілігін арттыру болды. Қалыптасқан тенденцияға байланысты орталықтан шет аймақта орналасқан оқу орындарына кадр тарту оңайға соқпады. Өйткені, олардың үлкен қалалардан шыққысы келмейді. Жергілікті әкімшіліктің көмегімен сырттан тартылған кадрларға қызметтік бірнеше тұрғын үйлер беріліп, өз кадрларымызды өсіруіміз мақсатында  келешегінен үміт күттіретін 10 жас маманды биыл институт есебінен ұлттық ғылыми-педагогикалық орталықтарға біліктілігін көтеруге жібермекпіз. Сонымен қатар, институт бітіруші түлектердің ішінен магистратураға оқуға жіберудің тиімді сұлбасы жасалды. Магистратура бітіргеннен кейін өз институтына қайтіп келіп жұмыс істейтін кадрларды оқыту бюджет есебінен болмақ.

  Соңғы жылдары институт қабырғасында бірнеше мәрте халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференциялар өткізілді. Ол конференцияларда қазіргі таңдағы еліміздегі ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру үрдісін және қалыптасып отырған жүйенің тұжырымдамалық негіздерін қозғайтын теориялық-әдіснамалық мәселелері көтеріліп, ортақ мәмілеге келіп, негіздері қорытындыланды және басқарушылық, ұйымдастырушылық, педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа көзқарастары айқындалды. Өткізілген конференцияларда Қазақстан білім жүйесінің жетілуіне және басқа да өзекті мәселелерге арналған баяндамалар жасалып, талқыланды.

  «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша институттың 37 түлегі ауылдық мектептерге мұғалім болып қызмет атқарып жүр, қазіргі уақытта өз мамандығының қыр-сырын үйреніп, ауыл балаларына дәріс беруде.

  Ректорат институтқа түсуге талапкерлер тарту үшін кешенді түрде кәсіби бағдарламалық жұмыстарды қолға алды. Мәселен, Қостанай, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының мектеп түлектерімен үгіт жұмыстарымен айналысып, үміткерлерді гранттық жүйемен және ақылы түрде оқуға тарттық. 17 студент әкімнің және ректордың грантымен, ал институт бойынша 1198 студент бюджет есебінен оқиды. Сырттан келген студенттерге жатақхана беріледі, ал биыл заман талабына сай жаңа жатақхананың құрылысы басталып, қараша айында тапсырылмақ.

  Студенттеріміз қала біріншілігінен бастап, әлем чемпионаттарына қатысып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта, институтта 5 арнайы залы бар спорттық-сауықтыру кешені және ашық спорттық алаңдар жұмыс істейді. Қазақстан тарихында өзіндік ойып алар орны бар Торғай өңірін зерттеу біздің тарапымыздан анан әрі жалғасын таппақ. Ойымыз- Шақшақ Жәнібек, Амангелді Иманов пен Кейкі батыр, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов, Әліби Жангелдин, Бірімжановтар әулеті, Нұрхан Ахметбеков және тағы басқа да тарихи тұлғалар мен Қостанай облысының оңтүстік өңірінің тарихи жерлері, Бетпаққара көтерілісі, Ақшығанақ шайқастары және Торғай өңірінде тың көтерудің екінші толқыны туралы зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру.

  Институтымыздың 40 жылдық мерейтойы біздің егемен еліміздің мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы шарықтап, желбіреген сайын, білім мен ғылымның өрісі кеңейіп, болашаққа қол сілтері анық. Толағай табыстарға жету үшін енбек етейік, ұрпақ сабақтастығы жалғаса берсін демекпіз сөз соңында.

 

Talk to us

87143072488