Аркалыкский педагогический институт им. И. Алтынсарина

  • Главная
  • Общая информация
  • СМИ об институте.
  • СМИ об институте 2011-2013
  • Жұлдыз Жетпісбаева, биология ІІ курс студенті "Көңілден шыққан сыр сұхбат" // Арқалық хабары. -2012. -1 маусым. –б.4

Жұлдыз Жетпісбаева, биология ІІ курс студенті "Көңілден шыққан сыр сұхбат" // Арқалық хабары. -2012. -1 маусым. –б.4

       Жақында институтымыздың жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті, химия, биология және география кафедрасы, химия-41 тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр – химия ғасыры» атты сыр сұхбат өткізілген болатын. Маңызды кештің басты қонағы химия ғылымдарының докторы, профессор, 1991-2004 жылдар аралығында АрқМПИ ректоры қызметін атқарған, 10-ға жуық патент, 5 монография, 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы Күзембай Қосылған Күзембайұлы болды.

Біз үшін орны бөлек ұстазымыздың сұхбат барысында айтқан өнегелі, мәнді де мағыналы сөздерінің маңызы үлкен. Қандай ортада, қандай ұжымда болсын, адам баласының сол ұжымда құрметке бөленіп, сыйлы болуы әркімнің өзіне байланысты екені Қосылған Күзембайұлының қатысуымен өткен сұхбаттан кейін көзіміз жетті.Ұстазымыз халқының даңқына мақтанатын, шәкірттерінің жетістіктеріне қуанатын, өмірінің тең жартысын білім мен ғылымға арнаған, қиыншылықтан қиналмай шығатын хас тұлпардай тапқырлық танытатын тұлға.

Сұхбат барысында ұстазымызға химия саласы жөнінде: «Бүгінгі таңда болашақ химик ғалымдарды дайындайтын мектептер бар ма және де осындай мектептер ашу үшін қандай шаралар жасалу керек? 2020 жылға қарай химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін өндіру ұйымдастырылады, бүгінгі таңда осы межеге жету үшін қаңдай алғышарттар жасалуда?»... Мінеки, осындай маңызды сауалдар қойылды. Ал, Қосылған Күзембайұлы студенттердің сауалдарына жауап беру барысында ұстаздық шеберлік танытты.

ХХІ ғасыр ақпараттық қоғамның дәуірі, технологияның дамыған заманы, сонымен қатар әрине, химия ғасыры. Сондықтан да қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісіне, бәсекенің қайнаған кезінде жастарымыз химия саласының дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев та «Еңбегімен алған білім мен өзің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болатындарыңа сенемін» - деп жастарға сенім білдірді. Сол сенімді ақтай білуіміз керек. Себебі, оқыған, ізденген, білімді ұрпақ – ел болашағы.

Talk to us

87143072488