Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Мектеп кітапханашыларына-АрқМПИ-ң АКК

Кітапхана дегеніміз не?

      Кітапхана –бұл құжаттардың ұйымдастырылған қорына және уақытша абоненті пайдалану кезінде оларды ұсынуға мүмкіншілігі бар, сондай-ақ басқа да кітапханалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ақпараттық, мәдени, білім беру мекемесі.

      Кітапхананың негізгі қызметтері — ақпараттық, мәдени, білім беру, бос уақыт.
      Кітапхана абоненті—бұл кітапхананың тұрақты пайдаланушысы ретінде тіркелген жеке немесе заңды тұлға.
   Кітапхана қызметі — кітапхана пайдаланушының белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын кітапханалық қызмет көрсетудің нақты нәтижесі (құжаттарды беру және абоненттеу, жаңадан келіп түскен мәліметтер, әдебиеттер, анықтамалар, көрмелер, кеңестер, көпшілік іс-шаралар және т. б туралы ақпараттар беру).
      Құжат—сақтау, тарату және пайдалану мақсатында кез-келген материалдық тасмалдауышта тіркелген әлеуметтік ақпарат.

 МЕРЗІМСІЗ БАСЫЛЫМДАР

     Әдетте, бір рет шығатын басылымдар мерзімсіз болып саналады. Тек оның ішінде ең маңызды және бағалысы қайта басып шығарылады, бірақ бұл алдын-ала қарастырылмайды. Мерзімсіз басылымдар мәтіндердің құрамына, мақсатына және түрлері бойынша ерекшеленеді.
    Мерзімсіз басылымдар көбінесе кітап пен кітапшалар үлгісіндегі пішінде болады. Көлемі 48 беттен асатын, түптелген немесе мұқабадағы басылым кітап болып саналады. Кітапша — бұл көлемі 4-тен жоғары, бірақ 48 беттен аспайтын, әдетте түптеусіз, жұмсақ мұқабадағы басылым.
    Көбінесе көп томдық басылым шығады. Олар мазмұны бойынша да, ресімдеу бойынша да біртұтас болып келеді. Жеке томдара жеке нөмірлермен белгіленеді бар, ал олардың жалпы саны алдын-ала анықталады.
Ерекше түрі болып саналатын әдетте, ұқсас белгілі бір сипаты бойынша ортақ атаумен біріктірілетін және ресімделетін (мысалы, мазмұны, мақсаты бойынша) кітап немесе кітапша қатарынан тұратын, сериялы басылым.
   Мерсімсіз басылымдарға, сондай-ақ суреттік, ноталық және картографиялық және басқа да басылымдар жатады. Суреттік басылымдар ілеспе мәтінмен немесе онсыз да көрсетілген көркем суретті білдіреді. Көшірмелер, плакаттар және басқа да суреттік басылымдар жеке парақ немесе альбом түрінде басылады. Ноталық-бұл музыкалық туындылардың жазылуын, ал картографиялық — шартты сурет бетінің жер және басқа да аспан денелерін қамтиды.
  Жинақтар, шығармалар жинақтары, таңдамалы жұмыстар, жекелеген шығармалар басылымы баспа шығармалар басылымның маңызды типі болып саналады.
    Әрбір кітап, кітапша және басқа да мерзімсіз басылымдардың өз оқырмандары бар және белгілі мақсатпен шығады: не белгілі бір мәселені зерттеуде көмектеседі, не ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы хабарлайды, не болмаса білім негіздерін және т.б. қолжетімді түрде баяндайды.
    Мақсатты тағайындалу—әр түрлі басылымдардың ерекшеліктерін айқындайтын негізгі белгісі. Басылымдардың көлемі, материалды баяндау сипаты, құрылымы мен рәсімдеуі осыған байланысты болады.

   МАҚСАТТЫ ТАҒАЙЫНДАЛУ БОЙЫНША МЕРЗІМСІЗ БАСЫЛЫМДАРДЫ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ (түрлері)
      Мақсатты тағайындалуға байланысты мерзімсіз басылымдар ресми, ғылыми, ғылыми-танымал, оқу, кәсіби-өндірістік, анықтамалық болып бөлінеді.
    Ресми басылым. Ресми басылымдарда материалдар мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым атынан жарияланады. Олар заңнамалық, нормативтік немесе директивті сипатта болады. Мұндай басылымдардың мазмұны оның атынан материалдар жарияланатын ұйымның қызметіне тікелей байланысты.
       Стандарттар, өнертабыс сипаттамалары, нормативтік құжаттар, ережелер ресми басылымдардың ерекше бір түрі болып табылады.
     Ғылыми басылымдар ғылым, техника, мәдениеттің әр түрлі салаларында зерттеу барысы мен нәтижелерін көрсетеді. Оларды шығару ғылыми-техникалық прогрестің көрсеткіші, ғалымдардың жүргізген зерттеулер туралы өзара ақпарат алмасудың басты құралы болып табылады.
     Олардың маңызды түрлері болып табылады: ғылым классиктердің еңбектері; көбінесе көптомдық басылымдар түрінде шығатын ғылымының тарихы бойынша жалпылама еңбектер; ең өзекті тақырыптар мен мәселелер бойынша ғылыми жұмыстар жинағы; монография; ғылыми конгрестер мен конференциялар материалдары.
     Ғылым классиктерінің шығармалары білімінің барлық салалары бойынша жекелеген басылымдар, жинақтар, шығармалар жинағында басылады.
   Жалпылама сипаттағы еңбектер авторлар ұжымдарымен құрылады, сондай-ақ сол немесе басқа да салаларда қазіргі білімнің жай-күйін неғұрлым толық және жан-жақты сипаттайды.
  Монография —ғылыми басылымдардың ең көп таралған түрі. Бұл бір тақырыпты, мәселені, белгілі бір тұлғаның өмір мен қызметін терең және жан-жақты зерттеу.
   Теориялық және практикалық сипаттағы көкейкесті мәселелердің шешімін табатын отырыс, ғылыми конгресс, конференция материалдарының үлкен маңызы бар.
   Ғылыми-танымал басылымдар маман емес оқырманға қол жетімді үлгі ретінде ғылым мен техника, әдебиет пен өнер жетістіктерін сипаттайды. Бұл басылымдар кітапханалар қорында кеңінен ұсынылған.
Олар өте көп оқырманға арналған, жалпы білім беретін мектептің дайындығы бар 6—8-сынып көлемінен бастап, аралас салаларда жұмыс істейтін ғалымдарға дейінгі оқырмандар.
  Ғылыми-танымал басылымдар мазмұны мен тағайындалуы бойынша түрлі үлкен таралымдармен шығады. Кітапханаларда ең көп таралған басылым түрлері: ғылым тарихына, негізіне және жетістіктеріне арналған басылымдар; ғылыми-техникалық және көркем шығармашылығына арналған басылымдар; өмірбаяндық басылымдар. Ерекше топты естеліктер (мемуар) мен күнделік басылымдары құрайды.
  Оқу басылымдар белгілі бір жүйеде баяндалған қандай да бір ғылым мен техника саласындағы мәліметтерден тұрады. Оқу басылымдарына оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, хрестоматиялар, көрнекі құралдар жатады.
  Оқу бағдарламасы кез келген пәннің негізгі зерттеу болып табылады, ол тиісті пәндердің көлемін, оқу және оқыту тәртібін анықтайды. Оқулық бағдарлама негізінде құрылады және белгілі бір жүйеде сол немесе басқа пәннің қатаң сәйкестігін баяндайды. Оқу құралдары оқулықтарға қарағанда жекелеген бөлімдер мен тақырыптар бойынша мәліметтерді қамтиды.
    Олар ішінара оқулықтарды ауыстыруы, ал кейбір жағдайларда толықтыруы мүмкін. Оқу-әдістемелік құралдар негізінен жоғары оқу орнының сырттай және кешкі бөлімдерінде оқитын студенттер үшін шығарылады. Олар жекелеген пәндерге байланысты тақырыптар мен сұрақтарды зерттеу бойынша кеңестер, ұсыныстар, нұсқауларды қамтиды.
  Хрестоматия сол немесе өзге де пәндерді меңгеру кезінде білуді қажет ететін мәтіндер жинағы мен шығармалар үзінділерін білдіреді. Көрнекі құралдардың түрлі үлгісі болады (плакаттар, кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер және т. б.) және бағдарламаның тиісті тақырыбын меңгерудің жеңілдету мақсатын көздейді.
  Кәсіби-өндірістік басылымдар өндірістік және практикалық қызметте тікелей көмек көрсетеді. Ғылыми басылымдарға қарағанда, олардың әртүрлі саладағы оқырмандары бар. Басылым жоғары және орта буын мамандары үшін (агрономдар, инженерлер, техниктер және т. б.) ғылыми-өндірістік деп аталады. Жаппай-өндірістік басылымдар сол немесе өзге де өнеркәсіп, ауыл шаруашылық саласының жетекшісі болып табылатын әр түрлі кәсіп пен мамандықтағы жұмысшылар үшін шығарылады.
   Анықтамалық басылым берілген тәртіппен, оларды жылдам табуға мүмкіндік беретін ғылым, техника, мәдениет салаларының түрлері бойынша мәліметтерді (анықтамалар) қамтиды. Анықтамалар, күнтізбелер, сөздіктер, жолкөрсеткіштер, энциклопедиялар мен энциклопедиялық сөздіктер анықтамалық басылымның маңызды түрлері болып табылады.
   Энциклопедиялар және энциклопедиялық сөздіктер. Білімнің барлық немесе жекелеген салалары мен практикалық қызметі бойынша неғұрлым маңызды (толық немесе қысқаша) ақпаратты қамтитын анықтамалық басылымдарды энциклопедия деп атайды. ("Энциклопедия"—грек сөзі, "жүйелі білім жиынтығы" дегенді мағынаны білдіреді) Мазмұны жағынан олар жан-жақты және салалық болуы мүмкін, құрылымы бойынша—алфавиттік, жүйелік, тақырыптық. Энциклопедиялар көлемі бойынша әр түрлі: бірден бірнеше ондаған томдарға дейін.
  Салалық энциклопедиялар жан-жақты энциклопедиялардан мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ нақты оқырмандарыменде ерекшеленеді. Көбінесе олар сол немесе білімнің өзге саласындағы мамандар мен ғылыми қызметкерлерге есептелген.
  Энциклопедиялық сөздіктер жан-жақты және салалы болып та келеді. Олар ғылымның барлық саласы бойынша бір мезгілде сөздер анықтамасын және терминдерін қамтиды, көптеген фактілер мен оқиғалардың мәнің қысқаша сипаттайды.
   Жан-жақты энциклопедиялар—мақалалар жинақтары мен анықтамалар ғана емес, олардың үйлесімді, терең ойластырылған жүйесі. Энциклопедиядағы тараулардың әртүрлі көлемі мен сипаты болады. Неғұрлым ауқымды болып келетін тараулар-шолуы үлкен, күрделі тақырыпты қамтитды. Қандай да бір тақырып туралы белгілі бір ақпаратты қамтитын тарау-анықтамалар да бар: оның тарихи теориясы, қазіргі жай-күйі. Қысқаша тарау-түсіндірмелерде тек сөздердің анықтамасы беріледі, кейде оның шығу тегін түсіндіреді. Әрбір тарау оның атауынан тұратын терминді (ұғымдарын) анықтаудан басталады.
   Сөздіктер сөздер тізбесі немесе сөз тіркестері, терминдер, тиісті сипаттамаларымен атауларын қамтиды. Түсіндірме, терминологиялық, лингвистикалық, биографиялық сөздіктер кең таралған түрі.
Түсіндірме сөздіктер сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді. Олардың мақсаты—ауызша және жазбаша сөйлеуде сөздердің мағынасын ашуға және дұрыс қолдануға көмектесу.
Терминологиялық сөздіктер қандай да бір білім саласы бойынша тұтастай немесе оның белгілі бір саласына қатысты ұғымдардың терминдерін түсіндіру үшін қызмет етеді.
   Биографиялық сөздіктерге қоғам мен саяси қайраткерлердің, ғалымдардың, өнертапқыштардың, өнер қайраткерлерінің өмірі туралы мәліметтер кіреді.
       Материалдар сөздікте алфавиттік тәртіппен орналасады.
  Анықтамалар ауқымды сандық деректерді қамтиды, үлкен нақты материал. Олар мақсаты, белгілі оқырмандары және мазмұны бойынша ерекшеленеді. Анықтамалар саясат, экономика, жаратылыстану, техника, мәдениеттің көптеген тақырыптары мен мәселері бойынша құрылады.
 Кәсіби-өндірістік сипаттағы анықтамалар халық шаруашылығы мен мәдениеттің барлық салаларында жұмыспен қамтылған, әр түрлі кәсіптегі мамандар мен жұмысшылар үшін шығарылады. Оларға мәліметтер тағайындалған жүйе бойынша келтіріледі.
 Өндірістік емес сипаттағы анықтамалар білім немесе практикалық қызметтің белгілі бір салада түрлі мәліметтерге қызығушылық танытатын көптеген оқырмандарға арналған.
Анықтамаларға қанатты сөздер, афоризмдер, нақыл сөздер, әдеби дәйексөздер жинақтарын жатқызуға болады. Сондай-ақ оларға күнтізбелер, жеке кітапхана каталогтары, өнер туындылар мен жолсілтемелер жатады.

МЕРЗІМДІ ЖӘНЕ ЖАЛҒАСЫМДЫ БАСЫЛЫМДАРДЫ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ

    Мерзімді басылымдардың ерекшелігі—олардың жарыққа шығу тұрақтылығы. ("Мерзімді басылым" — грек сөзі, "қайтадан келу" дегенді білдіреді). Газеттер, журналдар, кейбір жинақтар, бюллетендер мерзімді басылымдардың түрлері болып табылады.
Газеттер. Көптеген газеттер күнделікті шығады, бірақ апта сайын шығатындар да бар. Газеттер орталық және аймақтық та болады (республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық, аудандық). Өзінің мазмұны бойынша жан-жақты, салалық, мамандандырылған ("Ауылдық өмір") газеттер болып бөлінеді.
Журналдар білімнің барлық салалары бойынша шығады. Журналдар газетке қарағанда ғылыми, кәсіби-өндірістік, ғылыми-танымал, әдеби-көркем болып бөлінеді.
    Ғылыми журналдар ғылым мен техниканың түрлі саласындағы ғылыми-зерттеу нәтижелері мен әдістері жайлы ақпараттың көздері болып табылады. Әдетте, мұндай журналдар ғылыми кітапхана түседі.
Кәсіптік-өндірістік журналдардың ғылыми журналдардан айырмашылығы әртүрлі топтағы оқырмандар үшін шығарылады. Ғылыми-өндірістік журналдар тәжірибеден өтетін мамандар үшін барлық білім салалары бойынша шығады.
   Ғылыми-танымал журналдар әр түрлі дайындық және мүдделерімен ("Ғылым және өмір", "Жер жүзін айналу") көптеген оқырмандар арасында ғылыми білімді насихаттауда маңызды рөл атқарады.
Әдеби-көркем журналдар ерекше түрлерін құрайды. Олар оқырмандарын ресейлік және шетелдік жазушылардың жаңа туындыларымен, сын мақала және сын-пікірлерімен, публистикалық материалдармен таныстырады. Сондықтан әдеби-көркем журналдар бір мезгілде қоғамдық-саяси журналдар да болып саналады.
   Мерзімді жинақтар ғылыми конференциялардағы шағын шеңбердегі мақалалар, баяндамалар мәтіндер мен хабарламаларды қамтиды. Бір жыл ішінде алдын ала белгіленген белгілі бір нөмірлер саны шығады. Барлық шығарылымдардың бірдей атауы және ресімдеуі болады. Мерзімді жинақтардың бірқатары ғылыми сипатқа ие.
Бюллетеньдер әдетте, министрлік немесе ведомстваға тікелей бағынатын мекемелер мен ұйымдардың басшылығына алынған бұйрықтар, өкімдер, қаулылар туралы ақпарат беретін ресми басылымдар болып табылады.
    Жалғасатын басылымдар шағын шеңберлі мамандық бойынша маңызды ғылыми ақпарат дереккөздерімен қызмет етеді. Оларда әр түрлі ұйымдар мен мекемелердің негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарын сипаттайтын баяндамалар, хабарламалар, мақалалар мен басқа да материалдар басылады. Жалғасымды басылымдар «Еңбектері», «Жаңалық», «Ғылыми жазбалары» үлгісіндегі тақырыптарымен алдын-ала мерзімде белгісіз материалдардың жинақталуына қарай шығады. Әрбір шығарылымның өзінің реттік нөмірі болады.
  Сіздің кітапхана қорының құрамына мерзімсіз және мерзімді басылымдардың қандай түрлері кіретінің анықтаңыз. Нәтижесін дәптерге жазып алыңыз.

дереккөз: www.publiclibrary.ru/librarians/issue/sbornik13-2.htm

Talk to us

87143072488